Павлодарлықтар Ертіс суының көбіктенуіне шағымданды

Фото:
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Жер қойнауын пайдалану басқармасы Ертіс суында химиялық көрсеткіштер бойынша нормадан ауытқушылық анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде жарияланған Ертіс өзеніндегі көбікке қатысты шағым бойынша Экология департаментінің зертханасы талдау жүргізу үшін Ертіс өзене барды. Экология департаментінің зертханасы жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес химиялық көрсеткіштердің ауытқуы анықталған жоқ», - деп хабарлады Павлодар облысының Жер қойнауын пайдалану басқармасынан.

Басқарма гидрологтарға сілтеме жасай отырып, көбік су бетінде желдің екпінімен пайда болғанын айтты.

«Мұнда ешқандай экологиялық проблема жоқ», - деп атап өтті Павлодар облысы Жер қойнауын пайдалану басқармасының баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар