Павлодарлықтар 1 желтоқсанда қоғамдық көліктерде тегін жүреді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні ауқымды мерекелік бағдарлама жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық әкімдікте айтты. Халықтық мереке мен жәрмеңке 30-қарашада басталады.

«1 желтоқсанда барлық азаматтар үшін қоғамдық көліктерде жүру тегін болады. Бұдан бөлек, бұл күні «Сарыарқа» шағын ауданында екі тұрғын үйдегі пәтерлердің кілттері табысталады», - делінген хабарламада.

Тұңғыш Президент күні кинотеатрлар мен сауда орындарында жеңілдіктер қарастырылған. Алаңдарда бұқаралық және спорттық шаралар ұйымдастырылады.

Тәуелсіздік күніне орай жаңа шағын ауданда тұрғындар қоныс тойын атап өтеді.

Соңғы жаңалықтар