Павлодарлық журналистер мен блогерлер Шығыс Қазақстанның киелі жерлеріне барады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылдың 25-31 мамыры аралығында «Шығыс Қазақстанның киелі жерлеріне ақпараттық баспасөз туры» жобасын іске асырады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл жоба Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармаларының бірлескен ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылуда. Бағыт Шығыс Қазақстан жерінің тарихи мәнді және қасиетті орындары мен Ертіс өңірінің шекарасы - Абайдың «Жидебай бөрілі» тарихи-мәдени, әдеби мемориалдық қорық музейі, Қоңыр әулие үңгірі, «Аблайкит» бекініс шіркеуі, табынатын тас, Рахман бұлақтары, Берел қорғандары, Белуха тауы бойынша өтеді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов өңірде маусым - қасиетті жерлерге саяхат айы болып жарияланғанын атап өтті.

«Мәдени және тарихи ортақ мұра болып табылатын Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының қасиетті жерлерін танымал ету, өңіраралық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы шеңберінде бірнеше жобаларды бірлесе іске асыруды жоспарлап отырмыз, - деді Ернұр Дәуенов.

«Оның ішінде «20 суретші» пленэрі бар. Аталмыш іс-шарада екі өңірдің суретшілері қазақ халқының құндылықтарын, салт-дәстүрлерімізді, қасиетті жерлері туралы баяндайды.

Айта кетелік, аймақта 2017 жылы ішкі саясат басқармасы өткізген «Қасиетті жерлерге саяхат» ауқымды акциясының нәтижесінде Ертіс өңірінің қасиетті жерлеріне 30000-нан астам адам келген. Павлодар облысының сакралды орындарының картасына тарихи, табиғи-ландшафттық және қоғамдық-саяси маңызы бар 78 нысан енгізілді. Оның 36-сы зерттеліп, бесеуі республикалық сакралды орындар тізіміне енгізілді.

Соңғы жаңалықтар