Павлодарлық жұмысшылардың еңбекақысы қаншалықты өседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірде еңбекақы көлемі қай деңгейде өсетенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолдау жүктеген міндеттерді орындау аясында облыстағы барлық кәсіпорындармен еңбекақыны өсіру тұрғысында тиісті жұмыстар жүргізілді. Бүгінде бірқатар кәсіпорындар мен аграрлық сала компаниялары еңбекақы көлемін орташа есеппен 12 пайызға арттыруға дайын екендерін білдірді», - деді облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.null 

Осы орайда «Богатырь Көмір», «Майқайыңалтын»,  «Павлодарэнерго», «Каустик», «Майкубен-Вест», сондай-ақ тағы да 200-ге тарта шағын және орта бизнес кәсіпорындары бар.

Бұдан бөлек, ERG компаниялар тобы кәсіпорындарында еңбекақы 14 пайызға дейін көтеріледі деп күтілуде.

Ал аграрлық сектордағы кәсіпорындарда жалақы мөлшері орташа есепен 10-нан 30 пайызға дейін көтерілмек.

«Жыл басынан бері облыс бойынша орташа айлық еңбекақы 8,2 пайызға өсіп, 137 мың теңгені құрады. Халықтың нақты табысы 3,9 пайызға артты», - деді Б. Бақауов.

Соңғы жаңалықтар