Павлодарлық жетім балалар үшін көрікті Жасыбай көлінің жағасында демалыс ұйымдастырылды (ФОТО)

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының білім бөлімі жетім және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 75 бала үшін Жасыбай көлінде қала сыртындағы «Елқоныс» лагерінде демалыс ұйымдастырды.

Балалар әр күнін таза ауадағы дене шынықтырудан бастайды, таңертеңгілік астан кейін мұнда спорттық байқаулар, ойындар мен эстафеталар өткізіледі. Балалар әсіресе «Сенім жолдары», «Спорттық кемпірқосақ», «Туды тап» ойындарын, тауға экскурсиялар жасау, көлге шомылуды және кешкі тақырыптық би кештерін ұнатады.

«Тәрбиешілер балалардың сенімін жаулап алып, лагерьде жақсы ахуал қалыптасқан. Балалардың барлығы достасып, үйлеріне Жасыбай көлінің жағасында жаңа достарымен көңілді демалыс туралы жарқын естеліктермен оралады», - деп атап өтті ауысымның директоры Гүлнар Құсайынова.

Соңғы жаңалықтар