Павлодарлық жастар лофт-алаңын ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда жастардың бастамаларын дамыту орталығы (ЖБДО) аумағында «Жастар Entertainment» бағдарламасы аясында жастар жұмыс жасап және демала алатын жазғы лофт-алаңның ашылуы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Лофт-алаң еркін әңгімелесуге, компьютермен жұмыс жасауға, кітап оқуға және демалуға мүмкіндік береді. Жас әрі талантты адамдар өздерін іздеп жүреді. Мен олардың өздерін шығармашылықта, өнерде, техника саласында, жеке стартап-жобаларда таба алатынына сенімдімін. Менің ойымша, әйнектің арғы жағындағы жазғы кабинетте өте ыстық және қызықсыз. Ал, таза ауада Павлодарды қалай жақсарту керектігі жөнінде ойлар келуі мүмкін»,-деді алаңның ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев.

Лофт-алаңның жанына жастар Ораза айтының құрметіне дәм таттыру үшін киіз үй тіккен.

«Жастар Entertainment» бағдарламасы аясында бізде алаңмен қатар киіз тігілді. Гагарин саябағында кішігірім этноауыл бар. Біз де шараларымыздың заманауи түрде өтпей, қазақтың ұлттық дәстүрлеріне арналғанын жөн көрдік. Жаз бойы киіз үйде ойындар, домбыра-пати сынды түрлі шаралар өткізілетін болады. Мысалы, бүгін біз барлық ниет білдірушілерді ұлттық дәмдерімізден ауыз тиюге шақырамыз»,-деді - деді ЖБДО «Арт» орталығының жетекшісі Әсия Мұқашева.

«Жастар Entertainment» ұйымдастырушыларының айтуынша, ендігіде жастар үшін алаңда шеберлік сағаттарын, сабақтар, тіпті тренингтар өткізудің мүмкіндігі туып тұр.

Алаңның ашылу салтанатында жас көңілді тапқырлар, битбоксерлер, музыканттар, бишілер өнер көрсетіп, көрермендерді әзіл шоуларымен қуантты.

Соңғы жаңалықтар