+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Павлодарлық зейнеткер қарызын өтемегені үшін астаналық фирманың көлігін айдап кеткен

2019 жылғы 16 қазан 17:20
Бөлісіңіз:
Павлодарлық зейнеткер қарызын өтемегені үшін астаналық фирманың көлігін айдап кеткен

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарлық полиция көлікті айдап әкету ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да газ баллоны жарылып, үш ересек адам мен төрт бала жапа шекті Оралда автокөлік 10 жасар қызды қағып кетті Атыраулық дәрігерлер 100 теңге жұтып қойған 4 жасар баланы аман алып қалды

«15 қазан күні зейнеткер, Шарбақты ауданы ауылдарының бірінің тұрғыны елордалық фирмаға тиесілі «ГАЗель» маркалы автокөлігін айдап әкеткен. Ауылдасының айтуынша, фирма оның қызының үйін жалға алып, ақшасын төлемей қойған, сондықтан толық төлеп бітпегенге дейін көлікті алып кеткен», - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтандағы фирма өкілдері қарызды жоққа шығарады. Олар пәтер ақысы уақытымен төленгенін және оны сәйкес құжаттармен дәлелдейтінін атап өтті.

«Рас, өтірігін полиция анықтайтын болады. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 200-ші бабына («Айдап әкету») сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатын болады», - деп мәлім етті полицияда.

Автор: Антон Гагарин

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT