Павлодарлық студент Олимпиада чемпионы Т.Колпакованың жүлделері ойнатылған Халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Игорь Кондратьев Олимпиада чемпионы Т.Колпакованың жүлделері ойнатылған XVIII Халықаралық жарыстардағы кедергісі бар 4х400 метрлік эстафетада чемпион атанып, сондай-ақ 400 метрден жүгіріп өтуде күміс медаль иегері болды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметінен.

Игорь Кондратьев - жеңіл атлетикадан әлемдік деңгейдегі спорт шебері. Ол халықаралық және республикалық жарыстарда республика намысын қорғап жүрген спортшы.

Оқу кезінде Игорь Кондратьев көптеген жеңімпаз атақтары мен жүлделерге ие болды. 2014 жылы ол Кореяның Сеул қаласында өткен Азия ойындарының чемпионы атағын иеленген. Биылғы жылдың ақпан айында Өскемендегі республика чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алды.

Спортшы білім алып жүрген бизнес факультетінің деканы Тахир Эрназаровтың айтуынша, Игорь жаттығулар мен сапарлардың қатаң кестесіне қарамастан, қорытынды дипломдық жұмысын үздік бағаға қорғап, табандылық пен қажырлылықты спортта ғана емес, білім алуда да таныта алып жүргенін дәлелдеп шықты.

«Табысты маман атану үшін, сапалы білім қажет. Сондықтан мен өз білімімді туған ЖОО-да жалғастыру шешімін қабылдадым», - деп бөлісті Игорь. ПМУ-нің экономика саласы бойынша магистратурасына оқуға түспекші ол сонымен бірге Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін 2016 жылғы Олимпиаданың іріктеу кезеңіне дайындалып жүр.

Соңғы жаңалықтар