+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Павлодарлық шенеунік 14 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

2020 жылғы 29 қаңтар 18:47
Бөлісіңіз:
Павлодарлық шенеунік 14 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Шаңырақ» орталығының басшысы 14 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да тергеуші 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді Шымкентте қылмыстық істі тоқтатпақ болған тергеуші мен адвокат жазаланды ШҚО-да аурухананың бас бухгалтері 92 млн теңге жымқырған

«Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп мәлім етті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов.

«Ол 14,4 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке алынып отыр. 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі кезең қарастырылды».

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ведомстволық бағынысты мекемесі болып табылады.

Аталған орталық 2003 жылы құрылған. Мұнда 100-ден астам адам жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT