Павлодарлық полицейлер Жеңістің 70 жылдығына арнап спорттық жарыс өткізді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық ішкі істер органдарының қызметкерлері мини футболдан өткізген жарысын Жеңістің 70 жылдығына арнады.

«Ұлы мерекенің қарсаңында Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет көрсетіп, айбыны мен жауынгерлік ерлігі үшін шексіз махаббатымызды және алғысымызды білдіріп, өзіміздің еңбек және спорттық жетістіктерімізді арнаймыз», - деді ІІД Кадрлық жұмыс басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ренат Ұнарбеков.

Жарысқа барлығы 136 спортшыдан құралған 17 команда қатысты. Қызу әрі тартысты ойында тамаша дайындығы мен жоғары ойын деңгейін көрсеткен Павлодар қалалық ІІБ-нің құрамасы жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар