Павлодарлық полицейлер шамамен 200 млн. теңгенің есірткісін тәркіледі
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер республиканың оңтүстік аймақтарынан жеткізілмек болған ірі көлемдегі есірткіні қолға түсірді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінде.
Есірткіге қарсы шара барысында марихуана сатты деген күдікпен 55 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды. Бұрын ҚР ҚК 259-бабы 2-бөлімі бойынша сотталған.
Ұсталған азаматтың үйін тінту кезінде Джесси атты қызметтік ит жасырылған 140 кг марихуананы тапты.
Арнайы шара кезінде есірткі тасымалдады деген күдікпен Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны қолға түсті.
Осыған дейін, 18 қарашада, тұрғындардың көмегімен полицейлер Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны ірі партияда марихуана тасымалдайтыны туралы білді. Сонымен қатар олар «жүкті» алушыны да анықтады.
Ұсталғандар қамауда.
Осылайша құны шамамен 200 млн. теңгені құрайтын марихуананың сатылуына жол берілмеді.
- Павлодар облысында ұстаздар қашықтан жұмыс форматына көшірілді
- Павлодарда блокпоста қалаға кірмек болған көліктен қару табылды
- Президент Жарлығымен Павлодар облысында төтенше жағдай енгізілді
- Ақсу қаласында өртенген үйден 11 бала құтқарылды
-
Павлодарлық қардан ұзындығы 7 метр жолбарыс жасады
-
Екібастұздық өрт сөндірушілер әжесі мен немересін құтқарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




