Павлодарлық полицейлер құны 5 млн. теңге болатын есірткіні тәркіледі

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткіні Павлодар қаласына жеткізу арнасын анықтады. Салмағы 10 келіге жуық наша табылған Ақсу қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Аймақтық арнайы шара жүргізу кезінде Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының тұрғыны ұсталды. Оның үйінен заңсыз айналымнан 16-шы калибрлі қосауыз аңшылық шолақ мылтық және жалпы салмағы 10 келіге жуық болған наша алынды.

Заңсыз айналымнан шығарылған есірткі затының құны бес миллион теңгені құраған, 10 мыңнан астам бір жолғы дозаны сатудың жолы кесілді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі, 297-бабының 3-бөлімімен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Іске қатысты тұлғалар Павлодар қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар