Павлодарлық полицейлер есепке алынған 330 қаңғыбастың арасынан екі қылмыскерді анықтады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 20-22 қаңтар аралығында Павлодар облысында өткізген «Қаңғыбас» жедел-алдын алу шарасының барысында полицейлер іздеуде жүрген екі қылмыскерді анықтады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицейлер баспанасы жоқ тұлғалардың жиналатын орындарына рейдтер жасады. Көпқабатты үйлердің жертөлелері, кәріз люктері, қараусыз қалған ғимараттар тексерілді. Тәртіп сақшылары құжаттары жоқ азаматтарды ішкі істер органдарына жеткізді.

Қаңғыбастарды полицияның барлық есептері мен базалары арқылы тексеруден өткізді. Олардың саусақ іздері мәліметтер базасына енгізілген. Барлығын фотобейнеге түсірілді, өйткені далада тұратын адамдар көп жағдайда криминал құрбандары болып немесе өздері қылмыс жасайды.

Үш күннің ішінде полицияға қаңғыбас болып жүрген 330 тұлға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар