Павлодарлық полицейлер 10 мыңнан астам азаматтық қару иелерін тексерді

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер 10 мыңнан астам азаматтық қару иелерін тексерді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Биыл Павлодар облысының полиция органдары 10 397 азаматтық қару иелерін тексеріп, 533 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сақтау ережелерін бұзғаны үшін 349 қару иесі кінәлі деп танылды. Заңсыз сақтағаны үшін 79 азаматқа жаза тағайындалды. Қаруды тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін бұзған 105 адам анықталды. Заңсыз айналымнан 161 қару тәркіленді. Сондай-ақ, осы жылдың 21 сәуірінде басталған Халықтың өтеулі ерікті түрде атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапсыруы бойынша өткізіліп жатқан кезекті республикалық акция шеңберінде азаматтардан 70 өтініш келіп түсті», - деп жазды ведомстводан.

Сондай-ақ тіркелмеген 16 ұзын ұңғылы ойық қару, 57 тегіс ұңғылы қару, 1 травматикалық қару және ойық ұңғылы қарудың 8 287 патрондары тапсырылған. Комиссиялар шамамен 6 млн теңге сомаға 73 қару мен 8149 патрон сатып алу туралы 67 шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар