Павлодарлық полицей асулы күйінде табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарлық полицейді асылып қалған күйі тапқан. Бұл ақпаратты Павлодар облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Оның нәтижесін қосымша хабарлаймыз», - деп хабарлады Павлодар облыстық ПД баспасөз хатшысы Жанна Белялова.

Оның мәліметінше, полицей осы жылдың желтоқсанында 35 жасқа толар еді. Ол ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері қызмет еткен.



Соңғы жаңалықтар