Павлодарлық өрт сөндірушілер жалын шарпыған ғимараттан 31 баллонды алып шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда тоңазыту және желдету жабдығын шығаратын кәсіпорынның ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«5 желтоқсанда сағат 15-55-те Павлодар қаласындағы сайдингпен қапталған бір қабатты темірбетонды ғимаратта (тоңазыту және желдету жабдығын шығарады) өрт шықты, сондай-ақ көлемі 250 шаршы метр алаңда құрал-жабдықтар жанды.

Өртті сөндіруге келген өрт сөндірушілер оқиға орнынан 5 газ (27 л.) және 2 оттегі, 4 азот, 20 фреон баллонын шығарды. Жедел іс-қимылдың арқасында өрт көрші ғимараттарға таралған жоқ» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 13 адам өз бетінше оқиға орнынан эвакуацияланған.

Тілсіз жау 17:29-да оқшауланды.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен 7 бірлік өрт техникасы, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғастырылуда.


Соңғы жаңалықтар