Павлодарлық оркестр Италияда өнер көрсетуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының симфониялық оркестрі гастрольдік турнемен Италияның Перуджа қаласында болды, деп хабарлайды pavlodarnews.

Бұл туралы агенттікке облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков айтты.

«Біздің музыканттар Қазақстан Республикасы мен Италия мемлекетінің дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығына орай Италияның 22 қаласында өнер көрсетеді. Олар 2017 жылдың 18 желтоқсаны - 2018 жылдың 10 қаңтары аралығында   Рим,  Милан, Солерно, Перуджа, Аппенин аралында концерт бермек. Концерттік бағдарламада Бородина, Чайковский, Масканьи, Верди, Моцарт, Россини, Штраус,  Респиги және Мендельсонның шығармалары орындалады, - дейді Ардақ Райымбеков.

Оның айтуынша, гастрольдік турды, концертті ұйымдастырушы және дирижерлар - профессор Леонардо Куадрини және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Рахымжанов.

19 желтоқсанда  концертті Аграпольдан бастаған симфониялық оркестр  21-23 желтоқсан күндері  Милан қаласында, 8 қаңтарда Рим қаласында өнер көрсетеді. Гастрольдік іс-сапар 2018 жылдың 9 қаңтарында Салернода аяқталады. 

Соңғы жаңалықтар