Павлодарлық оқушы ғарыш құрылғысын жасап, оған KANYSH атауын берді

Фото: None
Павлодар. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Ярослава Кравчук KANYSH ғарыш аппаратының жобасын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнертапқыш оқушының айтуынша, жасыл сутекті отын өндіруге арналған құрылғының өзі негізгі зымыранмен комета ауданына жеткізіледі, онда ол су алып, содан кейін сутегі оттегін шығарады.

«Ол каметаға өзі қонып, одан топырақ жинайды, содан кейін оны суға ерітеді. Әрі қарай электролиз қондырғыларының көмегімен сутегі мен оттегі алынады. Ал біз оны сұйылтып, отын аламыз. Біз Марсты игерген кезде өмірлік маңызы бар өнімдері бар резервуарларды жібере аламыз», - деді Ярослава.

Жас зерттеуші бұл құрылғының алдымен 3D моделін жасаған, содан кейін 1:100 масштабында 3D принтерге жеке басып шығарды. Қону үшін құрылғының аяқтары қажет. Сондай-ақ, айлақтау және шеттету қозғалтқыштары, күн панельдері мен сақтау цистерналары, ішінде сұйытылған газ, отын, қозғалатын газ шығаратын қондырғысы бар.

«Мен физика-математика сыныбында оқимын, физика тапсырмасын орындаған кезде осындай идея пайда болды. Мен әлі де қарапайым химиямен айналысамын, осы ғылымдардың жиынтығынан осындай ой туындады», - дейді жас зерттеуші.

Айта кетерлігі, Ярослава Кравчук Хьюстондағы United Space School-да оқуға мүмкіндік алған. United Space School - жыл сайын Клир-Лейк университетінде оқу үшін 25 түрлі елден 50-ге жуық студентті біріктіретін пәнаралық бағдарлама. Аэроғарыш саласындағы инженерлердің, ғалымдардың, көшбасшылардың басшылығымен оқушылар ғарыш бағытындағы өз миссияларын әзірлейді. Ол NASA мектебіне шілде айының соңында баруды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар