Павлодарлық оқушы Болат Бақауовқа тұзды өңірдің басты белгісі етуді ұсынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні аясында облыстық әкімдікке өңір басшысымен кездесуге 170-тен астам азамат келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мектеп оқушысы Елисей Ресняский облыс әкіміне тұзды облыстың геологиялық белігісі етіп бекітуді және Ертіс өңіріндегі әр оқу орнында туған жерге арналған бұрыш ашуды ұсынды. №43 мектептің 4-сынып оқушысы кездесуге анасымен бірге келді. Ол бірнеше жылдан бері өлкетанумен айналысатынын және жуырда ғана өлкетану бойынша облыстық байқаудың жеңімпазы атанғанын айтты. - Мен сізден тұзды Павлодардың басты геологиялық белгісі етіп бекітуіңізді сұраймын, - деді Елисей Ресняский. – Өйткені осы минерал қаламыздың дамуына мүмкіндік берген болатын. Оған қоса, тұз өндірушілерге арналған ескерткіш те бар. Бұған ешқандай қаржы кетпейді. Ал, адамдар неге тұздың таңдалғанын білу үшін қызықтап, тарихты біліп шығатын болады. Сондай-ақ жас шәкірттің айтуынша, әр оқу орнында туған жер бұрышы ашылса, балалар өздері тапқан өңірдегі минералды заттармен толықтыратын болады.

Облыс әкімі мектеп оқушысының барлық ұсынысын қарастыратынын айтты. - Менің еңбек жолымда маған келген ең жас ұсыныс білдіруші сенсің, - деді Болат Бақауов. – Ұсыныстарың қаралатын болады. Туған өлкеңді ойлайтының үшін алғыс айтамын. Алған бетіңнен тайма.

Әкімнің қабылдауына есту қабілетінен айырылған азаматша да келді. 3 жыл бұрын есту қабілетінен айырылған Гүлсая Әміроваға кохлеарлы имплантат қажет. Бұл – науқастарға естуге көмектесетін медициналық аспап, протез. Аспап өткен жылы сатып алынғанымен, аспапты орнататын ота мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін қызметтің қатарына енбеген. Ал, жасалатын отаның құны 5 млн теңгеден асады. - Біз 4 арнайы кохлеарлы аспапқа тапсырыс бергенбіз, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Нұрмағамбетов. – Олар бізге келер жылы тиеді. Солардың бірі Гүлсая Әміроваға беріледі. Бүгінде Гүлсая Әмірова ауылдық әкімдікте қоғамдық жұмыспен айналысады. Болат Бақауов оған басқа жұмыс ұсынды. Мысалы, алюминий дискілерін шығаратын «Вектор Павлодар» ЖШС-да есту қабілеті бұзылған бірнеше адам жұмыс істеп, жоғары жалақы алады.

Павлодар облысы әкімінің қабылдауына барлығы 137 адам жазылған. Оған қоса, 40-тан астам адамнан жазылмай Болат Бақауовпен кездесуге келген. Қабылдауға келушілер өңір басшысына баспанамен қамтамасыз ету, алимент төлеу, медициналық қызмет көрсету туралы және басқа да сұрақтарын қойды.

Соңғы жаңалықтар