Павлодарлық оқушы аспандағы шоқжұлдыздарды тауып беретін карта құрастырды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы аспандағы шоқжұлдыздарды тауып беретін карта құрастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Картаны жасаған 11-сынып оқушысы Камила Амангелдинованың ғылыми жетекшілерінің бірі Нұрсұлтан Жақыповтың айтуынша, Павлодар қаласындағы көрінетін шоқжұлдыздарды айқындап, аспанда оны таба білу үшін арнайы web сайт жасалған.

«Мен ақпараттарды жинау, сайт құрастыру жағынан бағыт берсем, мектебіміздің ұстазы Назым Қаратаева Камиланың физика пәнінен мұғалімі, әрі ғылыми жетекшісі»,- деді ол.

Жұлдыздар туралы ақпарат жинап, интерактивті картаны жасауға әрі сайтты құрастырудың бәріне 3 айға жуық уақыт кеткен.

«Қазіргі таңда жұлдыздар мен жұлдыздар шоғырын аспан күмбезінен таба алатын адамдар қатары өте аз. Ал, бұны ежелден бері біліп келген қазақ халқы сағатсыз ауыл шаруашылығында, метеорология секілді көптеген маңызды сфераларда дұрыс қолданып, болжаған. Сондықтан біздің мақсатымыз - Павлодар өңіріндегі бұқара халық арасында аспан сферасындағы жұлдыздарды тани білу және сол білімін күнделікті өмірде қолдана білуді web ресурсы арқылы насихаттау. Павлодар өңірінде жұлдыздар мен шоқ жұлдыздардың орналасуы мен жыл мезгілдеріне байланысты өзгеруі жайлы ақпарат беру. Сонымен қатар, қазақ халқының аңыздары мен жұлдыздардың байланысын жүйелеу», - дейді Нұрсұлтан Жақыпов.
null

Мысалы, «Темірқазық» жұлдызы арқылы жердің солтүстік полюсінің қай жаққа орналасқанын оңай тауып алуға болады. Қазақ халқы «Жеті қарақшы» жұлдызын батпас жұлдыздар қатарына жатқызады. «Жеті қарақшы» жұлдызы жазғытұрым, іңір кезінде көкжиекке таяп келеді де, үнемі көрініп тұрады. Батып, жоқ болмайды. Қас қарайған сайын шығысқа қарай жылжи отырып, бірте-бірте шырқау аспанға қарай көтеріле бастайды. Баяғыда ата-бабаларымыз «Жеті қарақшы» жұлдызын «аспан әлемінің сағаты» немесе «аспан тілі» деп атаған екен.

Камила Амангелдинова құрастырған сайтта жұлдыздар қалай орналасқандығы жөнінде интерактивті карта бар. Интерактивті картадағы берілген таңбаларда нақты жұлдыздың атауы мен кішігірім ақпарат енгізілген. Оған қоса, басқа сайттарға да сілтеме алуға болады. Айта кетейік, қазіргі уақытта жұлдыздар туралы web сайтқа 50-ге жуық жұлдыз анықталып енгізілді.

null

Соңғы жаңалықтар