Павлодарлық нұротандықтар Арыс тұрғындарына 90 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - "Nur Ota"n партиясы облыстық филиалынан бес жүк машинасына тиелген көмек Түркістан облысында жарылыстардан зардап шеккен тұрғындарға бет алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Николай Дычко хабарлағандай, екі тәулік ішінде 90 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиыстырылды.null

«Павлодар облысы еліміздің өзге де өңірлері секілді арыстықтардың мұң-мұқтажына бейжай қарамай, көмек қолын созуға бел буды. Бүгінде 90 тоннадан астам көмек жиналды. Оларды бес жүк машинасына тиедік. Тағы бір машина Екібастұздан қосылады. Гуманитарлық көмек Шымкентке дейін жол жүреді де, оны сол жерде Арыс тұрғындарына үйлестіреді»,- дейді Николай Дычко.null

Партиялық басшы атап өткендей, павлодарлықтар үлкен-кіші демей, бір адамдай жарылыстардан зардап шеккендерге қол ұшын беруге тырысты. Тіпті, бір ақсақал өз шапанын беріп кеткен көрінеді. Жалпы 90 тонна жүктің ішінде азық-түлік, киім-кешек пен төсек орындар бар. Оған қоса, өңірде орналасқан партия филиалдарының қызметкерлерінің барлығы арыстықтықтардың қажеттілігіне бір күндік жалақыларын жұмсады.null

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Арыс қаласының 300 баласын сауықтыру лагерьлеріне қабылдауға әзір екендігін мәлімдеген болатын. Одан бөлек, Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілері бір күндік жалақысын Арыс тұрғындарына аударды.

Соңғы жаңалықтар