Павлодарлық мектеп оқушыларының жобасы Ресейде үздік деп танылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодарлық оқушылар «Спорт.Шығармашылық.Интеллекет» атты ашық халықаралық технологиялық фестивальге қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шара Новосибирск Мемлекеттік университетінде өтті. Шығармашылық байқауға Ресей мен Қазақстанның мектеп оқушылары, студенттер мен балабақша бүлдіршіндерінен тұратын барлығы 360 команда қатысты.

Балалар онда «Автомобиль доңғалақтарын жасау» бағыты бойынша өз еңбектерін ұсынды. Онда роботтардың көмегімен ескі-құсқы қалдықтардан металл дискілер жасалды және оған арнайы рәзіңке шиналар кигізілді. Автоматтандырылған роботтар өндірістік роботтардың көмегімен іске қосылады. Өз кезегінде соңғысы қуатты электр энергиясы мен күн және желден өндіреді.

Фестивальдің талабы бойынша, әр категорияға бір орын тағайындалған. Павлодарлық команданың жұмысы «Үздік жоба» аталымы бойынша ең мықты деп табылды. Команда өкілдері Новосибирск қаласы мэриясының дипломдары мен келесі жылы болатын байқауға шақырту алды. Ал жеңімпаздардың ұстаздарына алғыс хат табыс етілді.





Соңғы жаңалықтар