Павлодарлық құтқарушылар жабдықталмаған жағажайда рейд өткізді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Құтқарушылар, полиция және шенеуніктер павлодарлықтарға арнайы жабдықталмаған жерде шомылмау керектігін ескертуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Дауылды ескертуге байланысты үш жағажайда және рұқсат етілмеген жерлерде кезектен тыс рейд жүргізілді, - деп мәлім етті Павлодар әкімдігінен. - 180 демалушыға қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде 110 үнпарақ, сондай-ақ брошюралар мен ескертпелер таратылды».

Ертіс жағасындағы рейдтік іс-шараларды ұйымдастырушылар - Павлодар қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлері, Павлодар облысы жедел-құтқару жасағы, ТЖД апаттық-құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметі және қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі.

«Ағымдағы жылы шомылу маусымы басталғалы бері демалыс және мереке күндері 11 962 адамды қамтыған 18 рейд ұйымдастырылды. Іс-шара кезінде 8481 үнпарақ, брошюра және жадынамалар таратылды»,-дейді қала әкімдігінен.

Биыл шомылу маусымы басталғалы Павлодар қаласында 7 адам суға кетті. Оның үшеуі - балалар. Қайғылы оқиғалардың негізгі себебі - шомылуға арнап жабдықталмаған жерде суға түсу және балалардың ата-ана қарауынсыз шомылуы.

Соңғы жаңалықтар