Павлодарлық көпбалалы ана энергетиктермен соттасып, жеңіп шықты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда сот «Павлодар электржелісін тарату компаниясы» АҚ-ның көпбалалы ананы электр қуатын пайдаланғаны үшін энергетиктерге миллион теңге қарыз болғаны туралы актісін жарамсыз деп таныды. 

«Сот Манан Ұлардың электр энергиясын есептеу жүйесіне қатысты қуынымы бойынша 2018 жылы 12 шілдеде  шешім шығарды. Қуынымдық талаптар жартылай қанағаттандырылды. 2017 жылғы 7 желтоқсандағы акті жарамсыз деп танылып, қуынымның қалған бөлігіне қатысты талаптар орындалмады», - дейді Павлодар қалалық сотының судьясы Бақыт Сәтиева.

Энергетиктердің Павлодар облысы Қызылжар ауылының 53 жастағы тұрғыны Ұ. Мананға жарықты пайдаланғаны үшін салынған миллион теңге көлеміндегі қарызды талап ету жөніндегі актісі жарамсыз деп танылды. Себебі «ПЭТК» АҚ тілге қатысты заңда үлкен қателіктер жіберген. Акті мемлекеттік тілге аударылмаған, ал Ұлар Манан - оралман және орыс тілін білмейтін болып шықты.

Желтоқсан айында  есептеу аспабын тексеру барысы түсірілген бейнетаспадан «ПЭТК» АҚ өкілдері тек бір розетканы қарап шыққаны белгілі болды. Негізінде тексеріс түгелдей жүргізілуі керек болған. Пәтерді толығымен тексеріп шыққанын растайтын құрал жоқ. Сот шешім шығармас бұрын аталмыш мәселе бойынша екі ай бойы электртехникалық сараптама жүргізілген.

Ұ. Мананның айтуынша, ол құжаттың ішінде не жазылғанын білмей, қол қойған. Әйел адамға тек розеткалар мен есептегіш құралдардың тексерістен  өткенін,  оны растайтын актіге қол қою керектігін айтқан. Кейін белгілі болғандай, Ұ. Мананның табылған ақауларды растайтын құжаттарға қол қойғаны анықталды. 7 желтоқсан күні әйел адамның үйіндегі жарықты сөндіріп тастаған. Ауыл әкімінің өтінішінен кейін біраз уақытқа қосып, қайтадан өшірген.

Сот әзірге әйелдің үйіне электр қуатын қосуға тыйым салды. Соттың шешімі күшіне енгеннен кейін бір айдан соң ғана рұқсат етіледі. 

Соңғы жаңалықтар