Павлодарлық ІТ-маман тоғызқұмалақ ойынының мобильдік қосымшасын жасап шығарды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық бағдарламашы Ернар Шамбаев планшеттер мен смартфондарға арнап, тоғызқұмалақ ойынының мобильдік қосымшасын жасап шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева мәлім етті.

«Бұл қосымша арқылы қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойынын планшеттер мен смартфондар арқылы ойнауға болады. Сіз автоматты спарринг-серіктесіңізбен бәсекелесе аласыз. Қосымшаның ерекшелігі - мұнда тоғызқұмалақты енді бастаған автоматты ойыншыдан бастап, үздік шеберге дейін қарсыласты таңдап алуға болады», - дейді Раухан Тоғымбаева.

Аталған бағдарлама кәсіби спортшылар мен жаттықтырушылар үшін де таптырмас көмекшіге айналады. Мобильдік қосымша арқылы кез келген жерде тоғызқұмалақты ойнай беруге болады.

«Мен бұл жобамен 1999 жылдан бері айналысып келемін. Ол кездегі компьютерлердің мүмкіндігі аз болғандықтан, жасанды интеллект саласында білімім шамалы еді. Бағдарлама тек үшінші сатыда жұмыс істеп тұрған. 2010 жылы Серік Ақтаев және Диана Кенина деген тоғызқұмалақ ойыншыларымен кездесіп, олар маған бағдарлама жасау туралы кеңес берді. Арада біраз жылдар өткеннен кейін, биыл бағдарламаны жан-жақты дамытып, мобильдік қосымша етіп шығардым», - дейді Ернар Шамбаев.

Тоғызқұмалақ ойынын планшеттер мен смартфондарда мына арқылы жүктеп алуға болады.
null 

Соңғы жаңалықтар