Павлодарлық ғалымдар түнгі көбелектің жаңа түрін тапты

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық энтамолог-ғалым Сергей Титов пен оның әріптестері түнгі көбелектерге қатысты ғылыми жаңалық ашты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқымыстылар Қарағанды мен иен далада жазғы зерттеу барысында түнгі көбелектің Catocala helena атты жаңа түрімен кездескен.

«Жаңа түр алдымен Қарағандыдан табылды. Бізге Қазақстан биоалуандығы қауымдастығының өкілі Генриетта Пуликова мен зоология институтының өкілі Алена Каптенкина қолдау көрсетті. Кейін Павлодар өңірінен таптық. Бұл - көшіп-қонатын, инвазивті және қалалық ортада тұратын түр. Соңғы жылдары Catocala helena туралы ресейлік энтамологтар талқылау жүргізуде. Бізге еш қатысы болмаған. Жуырда Ресей энтамологтары бұл көбелектің табылғаны туралы бірқатар материал жариялады. Онда жәндіктің негізгі ареалынан алыс жерде тұратыны және шығыстан батысқа көшіп жүретіні туралы айтылған», - Сергей Титов.

Оның мәліметінше, түнгі көбелектің бұл түрі бастапқыда Ресейдің Алыс Шығыс, Корея, Қытай, Моңғолия ормандарында тіршілік еткен. Соңғы жылдары Байкал, Батыс Сібір, Оңтүстік Орал, Ресейдің европалық аймақтарында байқала бастады.

«Көбелек Қазақстан аумағына да келді. Біз құпия жәндікпен кездестік. Бұл түрдің неліктен шығыстан батысқа қоныс аударғаны белгісіз. Инвазивті түрлері карантинді түрлері сияқты экожүйеге кері әсерін тигізеді. Бұл жәндік қала ортасына зиян келтірмеуі мүмкін. Біз Catocala helena-ның тілін бақылап, инвазивті түрінің Қазақстан табиғатына қандай әсер ететінін зерттейміз», - деді ғалым.


Соңғы жаңалықтар