Павлодарлық дәрігерді зорлаған таксистің ісі: Тергеуші қызметінен қуылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда дәрігер қызды зорлап, ұялы телефонын тартып алған таксистке қатысты істі тергеумен айналысқан полицейлер жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сөзбұйдаға жол бергені және тергеу сапасының төмен болуына байланысты Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Павлодар полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізді. Оның нәтижесінде, тергеуші лауазымынан босатылды. Бірнеше басшы тәртіптік жазаға тартылды», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Полиция департаментінің бастығы генерал Амантай Әубәкіров.

Еске салайық, 1 қазан күні жәбірленуші мен оның қорғаушысы А.Әубәкіровтың жеке қабылдауында болды. Ал бүгін ПД басшысы Өзіндік қауіпсіздік басқармасы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеуді бастағанын мәлім еткен еді.

Оқиға биыл, 1 маусымнан 2 маусымға қараған түні болған. Әпкесі мен ағасы кешке InDriver мобильдік қосымшасы арқылы такси шақырған. Жүргізуші қыздың ағасын бірінші жеткізіп тастап, емханада дәрігер болып жұмыс істейтін өзін одан әрі әкеле жатқан. Бірақ үйіне жетер-жетпес жерде көліктің есіктерін бұғаттап, қызды зорлаған. Бұған қоса, құны 280 мың теңге тұратын «Айфон-8» телефонын алып қойып, өзін машинадан шығарып жіберген.

Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін күдіктінің туыстары оның ізіне түсіп, 100 мың теңге ұсынған және арызын қайтып алуды сұраған.

Авторы: Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар