+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Павлодарлық балалар театры республикалық байқауда бас жүлде жеңіп алды

2020 жылғы 11 қаңтар 21:49
Бөлісіңіз:
Павлодарлық балалар театры республикалық байқауда бас жүлде жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында «Qazaqstan» орталық концерт залында республикалық «Тәуелсіз елдің ұланы» атты фестиваль-байқауы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Көзі көрмейтін музыкант: Әлемді жүрекпен сезінемін Елордада демалыс күндері қайда баруға болады Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды

Қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, байқауға Тараз, Алматы, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтау, Жезқазған және Павлодар қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің балалар мен жасөспірімдер орталықтарының шығармашылық ұжымдары қатысқан.

«Театр номинациясы бойынша Павлодар қаласының № 35 ЖОМ «Айналайын» үйірмесінің мектеп театры бақ сынады. Павлодарлық жас театр құрамында 5-6 сыныптың 12 оқушысы бар. Олар Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған «Жойылсын жалғыз сөз «соғыс» деген» әдеби-музыкалық композициясын ұсынды. Композиция сценарийін үйірме жетекшісі Сахыпжамал Оразкенова және бастауыш сынып мұғалімі құрастырды.

«Байқау шарты бойынша жас әртістер 20 минут ішінде көрермендерге мектеп бітіру кешінен майданға аттанғаны, шайқас алаңында жолдастарын жоғалтатындығы туралы қойылым көрсетті, - деді білім беру бөлімінде. – Одан кейін жау тылындағы әйел ретінде жеңіс үшін еңбек етіп, ананың қалай зардап шегетінін көрсетті. Барлық қиындықтарға қарамастан көптен күткен Жеңіс күні басталады. Композиция әскери әндерді орындаумен, Мәңгілік алауға гүл қоюмен аяқталады».

Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық театр қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, фестиваль-байқаудың гран-приін жеңіп алды. Театр кубокпен марапатталып, барлық қатысушыларға диплом және медаль табысталды. Үйірме жетекшісі – алғыс хатпен марапатталды.

Айта кетейік, «Айналайын» мектеп театр үйірмесі 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. Басында қуыршақ театры болған. Онда балалар шағын ертегілер қойып, қуыршақтарды дыбыстап, содан кейін ертегі кейіпкерлерін ойнауға көшті. Бұл олардың алғашқы жеңісі емес. 2019 жылы Павлодар қаласында «Өрлеу» халықаралық фестиваль-конкурсында гран-при иегерлері атанған. Бұл үйірмеге 2-6-сыныптың 27 оқушысы қатысады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT