Павлодарлық балалар қуыршақ жасап үйренді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы №2 Балалар көркемсурет мектебінің ұстаздары мен суретшілер тамыз айында барлық тілек білдіруші балалар мен ересектерге шеберлік сабақтарын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық білім бөлімі мәлім етті.

"Павлодарда сурет, сәндік-қолданбалы өнер пәндерінің оқытушысы Екатерина Одарчук «Амос» фирмасының түрлі-түсті массасынан жасалған ұлттық нақыштағы қуыршақ жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді, - деді білім бөлімінде. - Балалар қуыршақты дайындауға ерекше сүйсініп кірісті. Қуыршақтың негізгі денесі қарапайым пластик бөтелкесі болды. Ары қарай жапсырма  техникасына «иілімді саусақтар» білімдері мен шеберліктері керегін тапты. Екатерина Одарчук әрбір оқушыға түсінікті етіп, жапсырманың ең оңай техникалық тәсілдерін көрсетті.

Ал, Дина Сәменова түрлі-түсті қағаздар бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды. Ұстаз көрермендерді түрлі-түсті қағаздардан симметриялық ұлттық ою-өрнектерді әзірлеу тәсілдерімен таныстырды. Одан кейін қатысушылармен бірге нақты мысал келтіре отырып, қызықты әшекейлі композиция құрды. Ата-аналар да өздерінің кішкентай тәрбиеленушілеріне белсенді көмектесті.

Соңғы жаңалықтар