Павлодарлық әйел түрмедегі танысына темекіге орап есірткі өткізбек болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардағы АП-162/4 түзеу мекемесінің қызметкерлері түрмеге есірткі өткізу оқиғасын анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1987 жылы туған, ұрлық жасағаны үшін 8 жылға сотталған азаматқа берілген заттарды тексеру кезінде темекі ішіне көк түсті зат салынғаны байқалған. Қауіпті затты танысына 1955 жылы туған әйел алып келген», - деп хабарлады Павлодар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

ҚТЖД мәліметі бойынша, бір қарағанда, жіберілген затта ерекше ештеңе байқалмаған: жылы киімдер, азық-түлік, жуу құралдары.

«Дегенмен, режим бөлімінің қырағылығының арқасында темекідегі фильтр мен тұқыл арасынан көкшіл түсті зат табылған. Оқиға орнына Павлодар қалалық полиция басқармасы солтүстік бөлімінің қызметшілері шақырылды», - деп қосты департаменттегілер.

Сараптама нәтижесі бойынша табылған зат психотропты және есірткі қатарына жататыны, сонымен қатар пайдаланған кезде адамның ойлау жүйесі бұзылатыны анықталған.

«Есірткі өткізбек болған азаматша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 296-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды», - деп мәлімдеді аймақтық ҚАЖД.

Соңғы жаңалықтар