Павлодарлық археологтар «Қалмақ қырылған» ескерткішін зерттеуді бастады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - С.Торайғыров атындағы ПМУ Археологиялық зерттеулер орталығының қызметкерлері Май ауданында XVIII ғасырдағы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы қақтығыстардың заттай дәлелдерін табуға ниетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Қалмақтар қырылған жер» деген мағынаны білдіретін «Қалмақ қырылған» ескерткішінің орнында археологтар екі аптадан астам уақыт жұмыс істеп жатыр. Сол орындағы жерлеу кешенінде тас дәуірі, темір дәуірі және орта ғасырлар сияқты әртүрлі кезеңдегі ескерткіштер бар.


«Дәл қазір біз қола дәуірінің бір нысанын зерттеп жатырмыз. Барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрақтар мен елді мекендерді іздеудеміз. Біздің міндеттеріміздің бірі – XVIII ғасырдағы әскери-саяси оқиғалар – қазақ-жоңғар соғысына байланысты материалдық заттарды табу. Бүгінгі таңда бұл жерлерде сол жылдардағы оқиғаларды растайтын жазбаша деректер ғана бар. Ал, бізге заттай дәлелдер керек. Біз үшін шамамен 300 жыл бұрын болған шайқастардың орнын анықтау өте маңызды»,- деді ПМУ-дің археологиялық зерттеулер орталығының директоры Виктор Мерц.


Нысанды Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аралап көрді. Мамандар өңір басшысына ескерткіш орнынан табылған заттарды көрсетті. Бұл ерте темір дәуірінің заттары – біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырларға жататын ерте сақ түріндегі жебе ұштары, сондай-ақ ортағасырлық заттар – түркі және қыпшақ кезеңінің жебе ұштары, айылбастар, қайрақ тастар, ер-тоқым жапқыштары және өзге де материалдар. «Әдетте таулардан ылғида жартастағы суреттер табылатын. Бірақ осы орында ондай суреттер әлі байқалмады. Біз мұнда жылқылардың, тау қошқарларының және басқа да әлі түсініксіз суреттерді таптық»,- дейді Виктор Мерц. Мамандардың айтуынша, «Қалмақ қырылған» кешенінің бірегейлігі оның топографиясында. Скифтер мен сақтар өмір сүрген орында ортағасырлық қоныстар пайда болған. Содан кейін жоңғарлар орналасып, олардан кейін қазақтар мекен еткен.


Археологтың айтуынша, бұл ескерткіш көп қабатты және оның ерекшелігі – бұнда бірнеше дәуірді бірден көруге болады. Ал XVII-XVIII ғасырлардағы баспаналар мен қыстауларды табу өте маңызды.


Соңғы жаңалықтар