Павлодарлық ақын Абайдың өлеңіне ән жазды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлы Абай шығармаcы тағы бір әнге арқау болды. Павлодар облысы Баянауыл ауданында тұратын журналист, ақын, ардагер ұстаз Зекебай Солтанбай Абай Құнанбаевтың «Ғашықтық тілі – тілсіз тілсіз тіл» өлеңіне ән жазды, деп хабарлайды Хабар24.kz.

Жаңа туындының тұсаукесері Бұқар Жырау атындағы облыстық музейде өтті.

«Екі жастың бір-біріне деген сүйіспеншілігі, ғашықтық сезімі сипатталған ғажайып әннің бағасын тыңдарман қауым алдағы уақыттарда бере жатар» - дейді шараны ұымдастырушылар.

Оны облысқа танымал жас әнші Бауырбек Бектеміров орындады.

«Бүгін міне, менің ән қоржыныма Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған «Ғашықтық тілі – тілсіз тілсіз тіл» әні еніп отыр. Бүгін міне тұсауы кесіліп жатыр. Осы әннің ойы, мағынасы өте тереңде. Бұл әнге ән жазған өзіміздің жерлесіміз, Павлодар облысына танымал қазіргі таңда 89 жасқа келіп отырған Зекебай Солтанбайұлы»,-дейді Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының артисі Бауырбек Бектеміров,

Айта кету керек, пандемияға байланысты наурыз айынан бастап бүкіл мәдениет саласы толық онлайн - режимге көшті. Соған қарамастан әлеуметтік желілер арқылы 50-ге тарта мәдени шара өтті. Қаланың іргесінде тұрған Павлодар ауылында ұлы ақынның есімімен аталатын көше жөнделіп, 175 ағаш отырғызылған. Ал тамыз айында Абай Құнанаевтың ескерткіші бой көтереді. Облыстық Бұқар Жырау музейі дара тұлғаның тағылымды сөздерін насихаттайтын акцияға бастама болды.

«Әр сала, әр қала тұрғыны белсене қатысып, Абай жылын атап өтуде. Мысалы, мемлекеттік органдарға келетін болсақ, мемлекеттік мекемелерден басқа біздің трамвай басқармасы трамвай безендіріп, қала көшелерінде арнайы билбордтар орнатылды. Көшелер абаттандырылып жатыр. Ағаштар отырғызылып жатыр осы мерейтойға орай әндер шығарылып жатыр. Ең үлкен шараның бірі ол Абай Құнанбай ұлының тұлғасына Павлодар қаласында ескерткіш орнату»,-деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Самал Бегалинова.



Соңғы жаңалықтар