Павлодарға көшіп келген қандастар мерекелік шара өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысы Успен ауданына қарасты Ольгино ауылында «Ұлы дала өнерпаздар керуені» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ұйымдастырылған облыстық өнер керуенін Ольгино ауылындағы қандастарымыз ерекше құрметпен күтіп алды.

Шара аясында, жұртшылыққа қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, айтыс, қыз қуу, қазақ күресі секілді ұлттық өнерлеріміз көрсетілді.

null

«Соңғы жылдары бұл ауылға шетелден көшіп келген ағайындарымыз көптеп қоныстана бастады. Қандастарымыз келгелі ауылымызда қазақылық та қанат жая бастады. Өнер керуенінің осында ат басын тіреуінің бір себебі де осы. Ақ жаулық орап, кимешек киген апаларымыз жас ұрпаққа ұлттық тәрбиенің ерекше үлгісін көрсетті. Ең әуелі алыстан келген қонақтардың алдынан қымыз алып шығып, күтіп алды. Сондай-ақ, ата-әжелеріміз ұмытылып бара жатқан би түрлерін билеп, елді қуанышқа бөледі. Бұндай мәдени шаралар жұртшылыққа осындағы қоныстанған қандастарымыздың жай-күйінен хабардар етіп, көшіп келгісі келетін отандастарымызға жол ашады деп ойлаймын», - дейді ауылдық мәдениет үйінің директоры Мадина Қабдылқызы.

null null

Соңғы жаңалықтар