+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Павлодардың жылу орталығындағы апатты тексеруге тәуелсіз сарапшылар тартылады

2020 жылғы 1 желтоқсан 01:47
Бөлісіңіз:
Павлодардың жылу орталығындағы апатты тексеруге тәуелсіз сарапшылар тартылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов 27 қараша күні қаладағы бірінші жылу орталығында болған апаттың себебін анықтау мақсатында кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша, 27 қараша күні оңтүстік жылу желісінде апат болғаннан кейін осы ауданда орналасқан 440 тұрғын үй бірден үшінші жылу электр орталығына қосылған.

«Жылу желілсіндегі апаттың салдары жойылып, жүйе іске қосылғаннан кейін бірінші жылу электр орталығында тағы екі жердің зақымдалғаны анықталды. Осыған байланысты үшінші ЖЭО-на уақытша қосылған нысандарды бірінші ЖЭО-на кері ауыстыру 28 қарашада сағат 18:00-ге дейін созылды. Мониторинг аясында жылумен жабдықтауды іске қосуды бақылау үшін 44 көп қабатты үй таңдалып, онда әр алты сағат сайын жылу параметрлері өлшеніп жатыр. Алайда, 21 көп қабатты үйде жылу беру деңгейі әлі төмен. Жалпы, тұрғын үй инспекциясы бөлімі жылу желілерінің өкілдерімен бірге температуралық режимді реттеумен айналысып, ПИК-термен барлық мәселелерді пысықтап жатыр», - деді Павлодар әкімі Ержан Иманісләм.

«Павлодарэнерго» АҚ басшысы Олег Перфилов атап өткендей, апат орын алған жылу желісі учаскесінде екі рет гидравликалық және бір рет температуралық сынақ жүргізілген.

«Тергеу нәтижелері оқиғаның себептерін көрсетеді. Олардың негізінде жағдайдың тағы қайталануын болдырмайтын шара қабылданады», - деп сендірді ол.

Қазір оқиға себептерін анықтау үшін энергетикалық қадағалау, төтенше жағдайлар және басқа да органдар жұмылдырылды. Өңір басшысы бұл жұмысқа тәуелсіз сарапшыларды тартуды тапсырды.

Сонымен қатар әкім павлодарлықтардың үйлеріндегі жылудың жеткіліксіздігіне қатысты шағымын мұқият әрі жедел қарауды талап етті.

«Подъездер, үйлерге жауаптылар, сосын ПИК қызметкерлерімен жүргізілетін жұмыстың барлығы қайда? Әлі қатты аяз болған жоқ. Температура 40-тан төмен түскен кезде не істейсіздер? Біздің барлық ұйымдар ішкі талдау жүргізіп, өздері үшін қорытынды шығаруы тиіс», - деп тапсырды Әбілқайыр Сқақов.

Сондай-ақ өңір басшысы апаттың салдарынан өткен демалыс күндері жылусыз қалған тұтынушылардың коммуналдық төлемін қайта есептеп, ол күндер үшін ақы алмауды талап етті. «Павлодарэнерго» АҚ басшылығы мұны міндетті түрде орындайтынын айтты.

Еске


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT