Павлодардың теміржол және автовокзалдарынан 240 адам эвакуацияланды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жарылғыш затқа қатысты хабарламадан кейін теміржол және автовокзалдардан 240 адам эвакуацияланды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

«Сағат 18:49-да вокзалға бомба қойылғандығы туралы хабарлама түсті. Белгісіз адам үш рет қоңырау шалды: 18:49-да жарылғыш зат вокзалға, 18:51-де автовокзалға орнатылғанын айтты. 19:04-те қайта телефон соқты. Біздің саперлар екі ғимаратты да тінтіп шықты. Ешбір қауіпті зат табылмады», - деді ведомствода.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 273-інші «Террористік акті туралы көрінеу жалған хабар беру» бабы бойынша дереу тергеп-тексеру амалдарына кірісті.

Кейін департаменттен мәлім еткендей, аталған факті бойынша облыстың 1992 жылғы тұрғыны ұсталды. Ол алкогольді мас күйінде болған.

«Ұялы телефоны тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді полицияда.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар