Павлодардың санавиациясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Соңғы айларда павлодарлық санавиацияға жол апатынан, көшелерде және тұрмыстық жағдайда жарақат алу туралы қоңыраулар көптеп түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодардың санитарлық авиациясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті», – дейді Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Науқастардың жағдайының нашарлауына жол бермеу мақсатында санитарлық авиация реанимобильге қарағанда әуе кемелерін жиі қолдануға тырысады.

Жақында санавиация дәрігерлері Аққулы ауданы мен Екібастұз қаласына екі рет ұшып шықты. Облыстық жедел жәрдем станциясының құрамына кіретін санавиация соңғы айларда жол-көлік оқиғалары салдарынан, көшелерде және тұрмыстық жағдайларда жарақат алуға байланысты қоңыраулар жиі түсетіндігін айтты. Бұдан бөлек, санитариялық авиацияның көмегі шала туған және жаңа туған балаларға, сондай-ақ жүкті әйелдерге жиі қажет болып жатады.

«Біз пациенттерді тасымалдау уақытын азайту және олардың денсаулығын сақтау үшін медицина қызметкерлерін әуе көлігімен бағыттауға тырысамыз, – деді Павлодар санитарлық авиация бөлімінің меңгерушісі Алмагүл Бесембинова. – Қызметіміздің штатына өңірдің жоғары білікті дәрігерлері кіреді. Олар тұрғылықты жер бойынша да, тасымалдау кезінде де көмек көрсете алады».

Желтоқсан айының басынан бастап санитарлық авиация жеті рет көмекке ұшып шықты. Бір күн бұрын әуе кемесі Павлодарға бірден екі пациентті жеткізді.

Аққулы ауылынан субарахноидалдық қан құйылумен 47 жастағы әйел жеткізілді. Ал Екібастұзда миокард инфарктісін басынан өткерген 60 жастағы науқасқа санавиация қызметкерлерінің көмегі қажет болды: тромболитикалық терапия мен кардиогенді шоктан кейін оны шұғыл түрде облыстық кардиологиялық орталыққа жеткізу керек болды», – деп толықтырды Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі. Павлодар санитариялық авиациясының қызметінде екі әуе кемесі бар: АН-2 ұшағы және ЕС-145 тікұшағы».


Соңғы жаңалықтар