Павлодардың орталығында автомобиль өртеніп кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Түн ортасында Павлодардың орталық көшесінде «Тойота» автомобилінің салоны мен қозғалтқыш бөлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«13 ақпан күні түнгі сағат үште Ломов және Сәтбаев көшесінің қиылысында «жекеменшік үй өртеніп жатыр» деген хабар келді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде мемлекеттік нөмірі KGFH 1430 «Toyota Estima» (минивэн) көлігінің мотор бөлігі мен салоны жанып жатқан. Өрттің жалпы аумағы 6 шаршы метр», - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Көлікті шарпыған жалын қалалық №2 бөлімге тиесілі автоцистернаның ауа-көбік құралы көмегімен өшірілді.

Публикация от 🔝 Автосообщество ПАВЛОДАРА (@kolesa_pavlodara) Фев 13, 2018 в 2:42 PST

Соңғы жаңалықтар