Павлодардың картобына сұраныс жоғары - Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ақтоғай ауданында өсіріліп жатқан гала сұрыпты картоп Өзбекстанда жоғары сұранысқа ие, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодардың картобы қашанда жоғары сұранысқа ие», - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындыларына арналған жиында «Ақтоғай Агро» компаниясының басшысы Александр Терентьевтің баяндамасынан кейін.

Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, оның кәсіпорны шығарып жатқан картопты өзбекстандық серіктес компаниялар таласа сатып алады. Қазір экспортқа гала сұрыпты картоп шығарылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар