Павлодардың екі тұрғыны үскірік аязда үсіп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодарда екі ер адам аязда үсіп қалып, ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«1973 жылғы ер адам орташа ауырлықтағы жалпы үсіп қалу диагнозымен терапиялық бөлімге жатқызылды. Ол орташа деңгейде масаң күйде болған», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аязда үсіп қалған екінші ер адам – 1960 жылғы. Ол ауруханаға білегін ІІІ дәрежелі үсік шалу диагнозымен жатқызылған.


Соңғы жаңалықтар