+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Павлодардың алюминий зауытына заманға сай екі сүзгі орнатылды

2020 жылғы 26 қараша 14:05
Бөлісіңіз:
Павлодардың алюминий зауытына заманға сай екі сүзгі орнатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов аймақтағы экологиялық ахуалды жақсарту жоспарын бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында браконьерлермен күресетін 8 мобильді топ құрылды Көктемде болуы ықтимал су тасқынына дайындық жоспарға сай жүріп жатыр - Қазсушар Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды

«Шынында да, Павлодар облысында экологиялық бағытта өткір мәселелер бар. Біз бұл проблемаларды шешу үшін 4 бағытта жұмыс жүргіземіз: біріншісі – өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындыларын шектеу. Екінші блок – қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жүргізу бағдарламасы. Үшіншісі – көгалдандыру жұмысы. Төртінші блок – экологиялық мәселелерді көтеріп жүрген азаматтармен өзара жұмысты күшейту», - деді Әбілқайыр Сқақов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ол сонымен қатар экологиялық кеңес пен аймақтағы кәсіпорындарға жаңа сүзгі орнату ісіне тоқталып өтті.

«Біздің өңірде экологиялық кеңес жұмыс істеп тұр. Таяуда ғана біз осы кеңестің отырысын өткізіп, төрт бірдей жұмыс тобын құрдық. Бұл жұмыс топтары жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық органдармен, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен тығыз жұмыс жүргізеді. ERG компаниялар тобының ірі кәсіпорындарында шығарындыларды азайтуға бағытталған он жылдық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Олар өздерінің ескірген сүзгілерін жаңғыртып, олардың орнына гибридтік жабдықтарды орнатып жатыр. Бұл бағытта қазірдің өзінде нәтиже бар – Павлодардағы алюминий зауытында екі бірдей сүзгі орнатылды. Осы гибридті сүзгілер сыртқа шығарылатын шығарындылардың көлемін жылына 2,4 мың тоннаға дейін азайтады. Бұл бағдарлама 10 жылға дейін жалғасады», - деді ол.

Одан бөлек өңірде көгалдандыру жұмысына баса назар аударылып, келесі жылдан бастап облыс орталығында биіктікі 1,5-2 метрлік 20 мың түп ағашты егу жұмыстары басталады.

Бұл бағдарламаны Екібастұз бен Ақсу қалалары да қолға алғалы отыр. Осылайша өңір билігі қоршаған ортаның ластану мәселесін біртіндіп реттеуді көздеп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT