Павлодардан Нұр-Сұлтан қаласына 23 литр донорлық қан жіберілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардан Нұр-Сұлтан қаласына донорлық қан жіберілді. Елорда ауруханалары І топ қанын сұратқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодарлық донорлардың көмегімен 23 литр қан жиналып, Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілген.

Павлодар облыстық Қан орталығы хабарландыру жасап, тұрақты донорларға шақыру жіберген. Алғаш рет қан тапсыратындар тексеруден өтеді және олардың тапсырылған қанын бірден қолдануға болмайды.

«Біз қанды барлығынан ала бере алмаймыз. Донорлардың контингенді әртүрлі – біреуінде гепатит бар, екіншісінде – басқа сырқаттар», - деп келтіреді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтің сөзін Рavlodarnews.kz сайты.

Оның айтуынша, Павлодар облыстық Қан орталығында қан жеткілікті.


Соңғы жаңалықтар