Павлодардағы зауытта арба астында қалған электрші қаза тапты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы кәсіпорында электршіні арба басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайғылы жағдай 3 наурыз күні «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да болды.

Алюминий электролизі цехының корпусында РТМ-1 кранын орнықтырып жатқан кезде алтыншы разрядтағы электршіні құрал-сайман таситын арба басып кетті»,- деп хабарлады бүгін журналистерге зауыттың баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген «жедел жәрдем» дәрігері қанша әрекет жасағанымен жұмысшыны ажалдан аман алып қала алмады.

Қайғылы жағдайға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар