Павлодардағы тамырын кескен жігіт: Сотқа дейінгі тергеу басталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Оқиғаны тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған факті негізінде ҚР ҚК 105-бабы (өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.

Полицейлердің айтуынша, ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат берілмейді.

Еске сала кетейік, Павлодарда жұмысшы жалақы төлемеген кәсіпорынның басшылығына барып, сол жерде тамырын кескен болатын. Бұл туралы Павлодар облысының еңбек басқармасы хабарлады.


Соңғы жаңалықтар