Павлодардағы шаңғы курортында аспалы жолдан ақау шығып, 6 адам құтқарылды
2023 жылғы 3 ақпан, 17:43

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында алты адам аспалы арқанжолда тұрып қалған. Бұл оқиға Баянауыл ауданындағы «Мырзашоқы» тау-шаңғы курортында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін сағат 16:12-де «Мырзашоқы» тау-шаңғы курортындағы аспалы арқанжолдан ақау шығып, ол тоқтап қалған. Соның салдарынан әуеде 6 адам қалып қойған», - деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Фирма қызметкерлері мен Павлодар облыстық ТЖД құтқарушылары шамамен 5 метр биіктен 4 адамды құтқарса, шамамен 20 метр биіктен тағы екеуін төменге түсіріп алды.
Фото мен видео Павлодар облыстық ТЖД алынды
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP