+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Павлодардағы өрт бір адамның өмірін қиып кетті

2021 жылғы 20 қыркүйек 11:14
Бөлісіңіз:
Павлодардағы өрт бір адамның өмірін қиып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда өрт кезінде ер адам қаза тапты. Екі адам жанып жатқан пәтерден сыртқа шығып үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде түтіндеген пәтерде есінен танып қалған ер адам құтқарылды Атырауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты Ақмолалық өрт сөндіруші Көкшетауда газ жарылған пәтерге бірінші болып көмекке келген

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін түнде сағат 03:01-де Украинская көшесі, 97 мекенжайы бойынша өрт туралы қоңырау түскен. Бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында төрт бөлмелі пәтерде 8 шаршы метр аумақта жиһаз жанып кеткен.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін пәтер иесі, 1962 жылы туған ер адам мен жұбайы - 1966 жылы туған әйел өздігінен сыртқа шыққан. Апаттар медицинасы орталығының бригадасы оларға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсеткен соң Павлодар қаласының № 1 ауруханасына жеткізді.
- Өрт сөндірушілер ас үйден пәтер иесінің тіршілік белгілері жоқ 1987 жылғы ұлының денесін тапты, - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер подъезден 12 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Өрт сағат 03.47-де сөндірілді. Болжам бойынша, өрттің шығуына темекі шегу кезіндегі абайсыздық себеп болған. Өлімнің себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Оқиға орнында жеке құрамнан 22 қызметкер және 7 техника, ТЖД сынау өрт зертханасы, апаттар медицинасы орталығы, «102» қызметі жұмыс істеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT