Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Павлодардағы өрт: 30 адам құтқарылды, бір адам қаза тапты

2019 жылғы 14 қаңтар 10:49 705
Бөлісіңіз:
Павлодардағы өрт: 30 адам құтқарылды, бір адам қаза тапты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс орталығында демалыс күндері тіркелген өрт салдарынан зардап шеккен екі адамның біреуі көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда өртенген қонақүйдегі балаларды құтқарған жігіттің есімі белгілі болды Атырауда қонақүйдегі өрт: ТЖД 29 баланы құтқарғандарды іздестіруде

«12 қаңтар күні, сағат 17.05-те «Мелиоратор» бағбаншылығында Конечная көшесі, 23 мекенжайы бойынша үш бөлмелі ағаш үйдің қабырғалары мен жиһаздар, 60 шаршы метр аумақта металл төбе өртенді. Тілсіз жауды ауыздықтауға № 34 өрт сөндіру бөлімінің газ-түтіннен қорғау қызметі жұмылдырылды. Үйдің иесі 1951 жылғы ер адам. 1948 жылғы әйелінің арқасы мен сол жақ қолын бірінші және екінші деңгейде алты пайыз күйік шалған»,- дейді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде.

Ведомство мамандарының айтуынша, зейнеткерге медициналық көмек көрсетілген. Жеке құрамнан жұмылдырылған 12 адам мен үш техника өртті 20.03-те толық сөндірген. Апаттың орын алу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Бұдан басқа, дәл сол күні сағат 21.22-де кезекшілік бөліміне Ворушин көшесі, 4/4 мекенжайы бойынша «Натали» дәмханасынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 40 шаршы метрде жиһаздар, төбенің жылытқышы, қазандық жанған. Оқиға орнынан сыйымдылығы 50 литрлік төрт газ баллоны сыртқа шығарылды. Жеке құрамнан шыққан 12 адам мен төрт техника тілсіз жауды сағат 22.52-де сөндірді. Ал кеше, 13 қаңтар күні сағат 22.17-де Катаев көшесі, 25 мекенжайы бойынша бірінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерде төрт шаршы метр аумақта жиһаздар мен заттар жанған. Өрт сөндірушілер кіреберістен 61 жастағы пәтер иесінің күйіп кеткен денесін анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің екі бөлімімен өрт сағат 22.52-де сөндірілді. Сондай-ақ, көрші орналасқан пәтерде таратушы қорабында жанған электр сымдарын пәтер иесі өздігінен ауыздықтаған. Құтқарушылардың көмегімен 30 адам эвакуацияланды. Оның жетеуі - бала.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамау себеп болған. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT