Павлодардағы Мырзашоқы тауында арқан жол іске қосылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Баянауыл тау-шаңғы базасы алдағы қыста туристерді қабылдауға дайын, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Порталдың жазуынша, жуырда тау-шаңғы кешені іске қосылатын таудың етегінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов болып қайтты.

Өңір басшысы туристер жоғарыға көтерілуге болатын арқан жол пайдалануға берілгенін атап өтті.

«Арқан жолдың ұзындығы 960 метр, оған екі орындық 63 кресло бекітілген», - деді арқан жолдың бас операторы Медет Жетпісбаев.

«Таудың үстіне белгіленген жылдамдыққа байланысты 11-24 минуттың ішінде жетуге болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін желдің жылдамдығын белгілейтін құрылғы орнатылған. Егер ол секуднына 25 метрді құраса, жоғарыға көтерілу қысқартылады. Бұдан бөлек, резервтік қуаттау дизель генераторы қарастырылған. Баянауыл ауданында жеткілікті деңгейде қар түскен кезде спортсүйер қауым шаңғымен немесе сноудбордпен сырғанап, көңіл көтере алады. Туристерге қызмет көрсету үшін таудың маңына киім шешетін орын, қарау алаңы мен басқа да үй-жайлар тұрғызған. Бұдан бөлек, спорттық құрал-жабдықтар партиясы сатып алынған».

Еске сала кетейік, тау-шаңғы базасы күн сайын бес мың адамды қабылдай алады. Кешеннің ашылуы Баянауыл ауданында қысқы туризмді дамуына септігін тигізеді.

Базаның іске қосылуы нәтижесінде Мырзашоқы тауының етегінде орналасқан Қаражар ауылында қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар