Павлодардағы мектепті түтін басып, 500-ге жуық оқушы эвакуацияланды

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардағы №22 мектепте электр сымдары қорғалған бөлмені түтін басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сағат 16-35-те 101 нөміріне Павлодардағы №22 мектептен түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен. Электр сымдары қорғалған 1-ші қабаттағы бөлмені қою түтін басқан. Өрт сөндірушілер келгенше, 542 адам қауіпсіз жерге шығып үлгерген, олардың 493-і балалар»,-деп хабарлады Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сағат 17:05-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Төтенше жағдаймен күреске Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 29 қызметкері мен 8 техника жұмылдырылды.

Антон Гагарин
Соңғы жаңалықтар