Павлодардағы көрмеге метеорит қойылады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Жастар бастамалары орталығында Павлодар География үйі қорындағы геологиялық экспонаттар көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ПавГео қорындағы көптеген қазба экспонаттары коллекциясының тек бір бөлігін ғана көрмеге шығарады.

Келушілерге Баянауыл, Майқайың, Май ауданынан табылған минералдар мен тау жыныстары ұсынылады. Олардың ішінде малахит, флюорит, жанартау бомбасы сияқтылар бар.

Көрмеге келгендер ақық, друза, лазурит, азурит, гранит, яшма, Аққулы гипс тармағы, халцедон, обсидиан, тіпті 1989 жылы Павлодар обысының Аққулы ауданынан табылған, метеорит үлгісі сияқты сирек кездесетін тастарды тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар