Павлодардағы көпқабатты тұрғын үйлердің көбісінде ыстық су тоқтады

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының солтүстік желілік ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің көбісінде бүгіннен бастап ыстық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодарэнерго» АҚ-ның мәліметіне қарағанда, гидравликалық сынақтардың нәтижесінде 67 зақым анықталған.

«Оның 10-ы магистарлдық жылу желілерінде, 57-сі орамішілік желілерде. Бүгін, 25 сәуірде таңертең техникалық шарттарға жауап беретін тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылу желісін толтырып, ыстық су беріп бастадық», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және үйлерді ыстық сумен жабдықтауға қосу мен ыстық судан ажыратылған үйлердің тізімі «Павлодарэнерго» АҚ-ның ресми сайтында жарияланды.


Соңғы жаңалықтар